"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ ұшу қауіпсіздігін медициналық қамтамасыз ету департаментінің (бұдан әрі - Департамент) негізгі міндеттері Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшу қауіпсіздігін медициналық қамтамасыз етуді бақылау және қадағалау болып табылады.:

  1. авиациялық медициналық орталықтарды, авиациялық медициналық сарапшыларды, азаматтық авиация ұйымдарының (әуежайлардың) медициналық пункттерін тексеру, пайдаланушыларды (авиакомпанияларды) және авиациялық оқу орталықтарын медициналық қамтамасыз ету;
  2. жеке және заңды тұлғалардың әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін медициналық қамтамасыз ету талаптарын сақтауын тексеру;
  3. жеке және заңды тұлғалардың ұшу қауіпсіздігін медициналық қамтамасыз ету жөніндегі қызметін қадағалау мен талдауды қамтитын бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарын әзірлеу.

Департамент тексерулер және бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуына техникалық бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады.

Департаменттің негізгі функциялары:

  • Авиациялық медициналық орталықтарды (бұдан әрі - АМО) сертификаттау);
  • АМО инспекциялық тексеру;
  • Авиациялық медициналық (бұдан әрі - АМЭ) сарапшыларды тағайындау;
  • АМЭ инспекциялық тексеру;
  • АМЭ жеке істерін жүргізу;
  • Авиажолаушыларға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша пайдаланушыларды инспекциялық тексеру;
  • Авиажолаушыларға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі әуежайларды инспекциялық тексеру;
  • Авиациялық персоналды медициналық даярлауды ұйымдастыру жөніндегі авиациялық оқу орталықтарын инспекциялық тексеру;
  • АМЭ есептерін тексеру (бағалау) ;
  • Авиация персоналының медициналық картотекасының мұрағатын қалыптастыру және жүргізу;
  • АМЭ, азаматтық авиация ұйымдарының медициналық персоналын оқытуды дайындау бағдарламаларын бекіту және келісу;
  • Сараптамалық кеңеспен жұмыс.

Медициналық қамтамасыз ету

gallery/img_7693