Аэронавигация

gallery/undraw_character_drawing_ii11

Аэронавигация департаменті әуе кеңістігін пайдалануға және әуе кеңістігін пайдалану саласындағы ұлттық заңнама талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асырады.

Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау және сертификат беру қағидаларына, сондай - ақ аэронавигациялық қызмет көрсетуді жеткізушілерге қойылатын сертификаттық талаптарға (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес аэронавигациялық қызмет көрсетуді жеткізушілерді сертификаттауды мынадай тәртіппен жүзеге асырады:

  1. өтініш беруші Қағидаларға 2-қосымшада көзделген аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын алуға арналған өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесіне сәйкес құжаттарымен бірге, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші сертификатын алуға өтінішті (бұдан әрі - өтініш) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – мемлекеттік корпорация) филиалдарына береді;
  2. мемлекеттік корпорацияда өтініш пен ұсынылған құжаттардың толықтығына тексеру жүргізіліп, одан кейін олар уәкілетті ұйымға жолданады;
  3. уәкілетті ұйым өтініш және құжаттар келіп түскен күннен бастап 6 (алты) жұмыс күні ішінде өтінішті қарайды;
  4. өтінішті және Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын алуға арналған өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесіне сәйкес құжаттарды қарау қорытындысы бойынша уәкілетті ұйым Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын алуға берілген өтініші бойынша шешімді өтініш берушіге жібереді.

 

Аэронавигация департаменті сондай-ақ сертификатталған аэронавигациялық қызмет көрсетуді жеткізушілерді тұрақты қадағалау бағдарламасына сәйкес инспекциялық тексерулерді жүзеге асырады. Аэронавигация департаменті тарапынан инспекциялық тексеруге мынадай бағыттар жатады:

  • әуе қозғалысына қызмет көрсету (ATS);
  • ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету (CNS);
  • ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету (МЕТ);
  • аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету (AIS);
  • ұшу рәсімдерін әзірлеу (PANS-OPS);
  • картография (MAP);
  • ұшуларды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету (SAR).                         

Сондай-ақ, http://www.ans.kz/ru/ais/eaip сілтеме бойынша өтіп Қазақстан Республикасының аэронавигациялық ақпарат жинағымен (AIP) танысу болады. AIP-те Қазақстан Республикасының халықаралық және ұлттық әуеайлақтары бойынша барлық қажетті ақпарат бар.

Қоғамдық пайдалануға арналмаған әуеайлақтар мен тікұшақ айлақтары бойынша ақпаратты http://www.ans.kz/AIP/Aerodromes/AD/AD/html_ru/UA-frameset-en-KZ.html сілтеме бойынша алуға болады.