gallery/airplane-glide-000077664431_full

 Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

 

«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 68 қадамын жүзеге асыру аясында құрылды. Бұл авиациялық саладағы ең жақсы халықаралық нормаларға сәйкес еліміздегі ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудің түбегейлі жаңа тәсілі. Мұндай тәсіл Қазақстан Республикасында алғаш рет енгізілуде. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті соңғы 1,5 жыл ішінде азаматтық авиацияның негізгі заңын және 61 ішкі-құқықтық актілерді әзірледі және толықтырды. Авиациялық әкімшілік жұмысына азаматтық авиация субъектілеріне техникалық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру үшін жоғары білікті азаматтық авиация мамандары тартылып, оларға саладағы кәсіпорындармен сәйкес келетін еңбек жағдайлары қарастырылған. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі ұшу қауіпсіздігі саласындағы авиациялық техникалық бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету үшін шараларды жүзеге асыратын болады.

Қазақстандық авиациялық реттеуші